Әңгімелер ✍️
Серікбайдың байдан есесін алуы
Серікбай бүркіт салып жүріп жол-жөнекей сырттай естуі бар бір байдың үйіне келіп түсіпті. Үйге сәлем беріп кіріп келсе, жақтырмаған бай сәлемін де алмайды. Біраз отырғаннан кейін бай Серікбайға: «Үйге симайсың, бүркітіңнен балаларым қорқады, кетіп қал», — депті.
Серікбай амалсыздан аттанып кетеді. Қыс өтіп жаз болғанда, білікті бір адамға еріп қаладан келе жатқан Серікбай әлгі үйге келіп түседі. Инабатты кісі келгенде каукелек қағып әбігер болған бай шайдан кейін қонақасыға бір қой әкеліп сояды. Байдан есе қайтару ойында болып отырған Серікбай далаға ат қойғалы шыққан болып сойған қойдың басын көрсетпей итке лақтырып жібереді. Үй иелері басты таба алмай амалсыз бас жоқ табақ тартады. Алдыға табақ келгенде, Серікбай:
— Қойға бата жасаған мына кісі емес пе еді. Басы қайда? Бұл қай ақымақтықтарың, өлген малдың етін асып кісіні осынша неге қорлайсыңдар, — деп байдың жер-жеберіне жетеді. Бай өлген малдың еті емес екенін, бас жоғалғанын айтады.
— Бас жоғалса, ит жеді. Бұл кісі жегенше, ит жесін деп әдейі тастадың, әйтпесе қайда кетеді, — деп жани түседі Серікбай.
Ертеңінде байды ат-шапан айыпқа жығыпты да, Серікбай байдан есесін алыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter