Аңыздар ✍️

  30.08.2021
  195


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Серғазы батыр

Серғазы батырдың қырық жылдан астам уақыт ат үстінде жүріп, көбіне қалмақ басқыншыларымен жан алысып, жан берісіп шайқасқан аймағы — Үшқоңыр, Суықтөбе, Қоңыртөбе тауларының төңірегі.


Бұл кісі жекпе-жек өнерінің сан түрлі айла-тәсілдерін ат үстінде қас-қағым сәттен үрдіс қимылдардан артына талай-талай өнерлер қалдырған. Серғазы қалмақтың небір батырларымен жекпе-жек соғыстардың небір адам таңқаларлық түрлерін көрсетіп, сол жөнінде өнеге тастап кеткен. Серғазы батыр Суықтөбенің күнгейі қыстап, күзден егін салып, өмір кешіпті. Ол кезде қалмақтармен соғыс әр жерде белең берген. Сонау Тараз жағындағы Талас бойындағы бір шайқаста қалмақ қолы жағынан бір жас батыр қазақтардан жекпе-жекке шақырады. Серғазы батыр айқасқа өзі шығыпты. Айқас басталып кетеді. Серғазының найзасы қалмақ батырының дулығасына тиіп кетіп, дулығасы басынан ұшып кетеді. Өзімен айқасқан батыр қалмақтың қызы екенін сонда біледі. Серғазы шапшаң қимылдап, қызды ат үстінен жұлып алып, өңгеріп ала жөнеледі. Қызды ағасы Сереге әкеліп береді.


Серғазы батыр жат елдің басқыншыларымен шайқасып жүріп, Талас бойында бұл дүниеден өтіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу