30.08.2021
  172


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сен сұрамай-ақ қой

Бір адам Қожаға аузы жабық кеспекті беріп:


— Мен келгенше, сақтай тұршы, — деп тапсырады. Бірнеше күн өткен соң, Қожаның әуестігі бел алады. Онда не болуы мүмкін? Ол қақпағын ашса, онда сүзілген тамаша бал бар екен.

Қожаның сілекейі шұбырып кетеді. Ол саусағын батырып, дәмін алса, бал өте тәтті екен. Дәмін бір көріп алған Қожа бал жегісі келсе болды, әйтеуір, сылтау тауып кеспек жаққа бара береді. Қысқасы, Қожаның өзі де байқамастан, балды үңгумен болады, азғантай уақыттың ішінде кеспектің түбінен бір-ақ шығады. Көп ұзамай-ақ қожайын келіп, Қожадан кеспекті сұрайды, ал Әпенді түк болмағандай кеспекті ұстата береді. Қеспек тым жеңіл. Қожайыны аң-таң болып, аузын ашса, кеспектің іші жылан жалағандай.


— Әй, Әпенді, бал қайда?


— Сен сұрама, мен айтпай-ақ қояйын әуре болып, — депті сонда Қожа мыңқ етпестен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу