Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
30.08.2021
243
Сен ғой асықтырып жіберген
Әпенді бала кезінде бір кісінің бақшасына түсіп, қауын-қарбызды үзе бастайды. Мұны көрген қарауыл алыстан айқайсалып:
—Әй, жүгірмек, не істеп жатырсың? Жоғал, кәне,—дейді.
—Түзге отырып жатырмын,—дейді бұл.
Қарауыл жақын келіп:
—Ал, кәне, көрейік не істеп жатқаныңды?—дейді.
Әпендінің қасында жаңа түскен сиырдың жапасы жатыр екен, бұл соны көрсетеді.
—Әй, бұл сиырдың жапасы ғой,—дейді қарауыл.
—Сен ғой мені асықтырып, апшымды қуырып жіберген адамша отырғызбай,—деген екен Қожа бала.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter