30.08.2021
  179


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сақал

Досым деген шал жасында жігіттікті көп істесе керек. Сөйтіп, ауылдың қызы бар үйге келіп қонады. Сөйтіп, әлгі үйдің қызын оятыпты. Қыз:


— Бұныңыз не? Сақалды басыңызбен ұят емес пе? — дейді.


Шал:


— Сақал ит боқ жеп қайда болса да, шыға береді ғой, — депті.


Қыз:


— Сақалыңыз сол нәжісті жегенде аузыңыз бен мұртыңыз не болды екен? — депті.


Сонда шал не айтарын білмей, бұл әдеттен бүтіндей тыйылыпты дейді есітігендер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу