28.08.2021
  172


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Өлген де өзі, өлгенін келіп естірткен де өзі

Бірде Қожа қала сыртында жүріп, бір нәрседен жаман қорқып, талып қалады.


— Өлген деген осы екен, — деп жата береді, бірақ сүйегін әкетуге ешкім келмейді. Жата-жата Қожа зерігеді, қарны аша бастайды. Сонсоң ол үйіне келіп, қалай, қайда өлгенін әйеліне айтып, өзі әлгі өлген жеріне қайта кетеді.


Әйелі бетін жыртып, шашын жұлып, жылап-сықтап, көршілеріне барып, Қожаның далада жүріп тосыннан қайтыс болғанын, денесі әлі далада жатқанын естіртеді. Көршілері қайғырып, Қожаның қайда, қалай өлгенін, кім келіп естірткенін сұрайды.


Сонда Қожаның әйелі:


— Қожа байғұстың жанашыр кімі бар? Өлген де өзі, өлгенін келіп естірткен де өзі, — деп, Қожа жатқан жаққа қарай жүре беріпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу