27.08.2021
  159


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Он саусақтан он еді...

Бір құс атып алса, он құс атып алдым, — деп құрыққа сырық жалғап, жел сөзді судай сапырып жүрген бір аңшы әңгіме үстінде қыза-қыза келіп:


— Бір күні жолым болып бір таудың қойнынан қырық түлкі атып алдым, — депті. Аңшының өтірікті көзді жұмып сылқытып жібергенін аңғарып қалған бір құрдасы:


— Қой, ол қырық емес, жиырма-ақ түлкі еді ғой, — депті күлімсіреп.


— Иә, ол жиырма болса жиырма шығар, — деп салыпты аңшы байқаусызда бас тарта алмай.


— Жиырма емес, он-ақ түлкі еді ғой, — депті сырмінез құрбысының тағы біреуі мырс етіп күліп.


Сонда сөз ыңғайын байқаған аңшы:


— Он саусақтай он еді,
Он түлкінің терісі
Бір ішікке мол еді,
Алып келген мен еді,
Көріп тұрған сен еді.
Куәсі бар адамды
Қай ұятсыз жеңеді?! — деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу