Әңгімелер ✍️
Олақ ұста
Бір шаруа ағаш ұстасына үлкен бөрене алып келіп:
— Осы бөренемнен астау жасап бер, — деп өтінеді.
— Жарайды, — деп ұста бөренені алып қалады.
Шаруа күндерде бір күн астауын алуға келеді. Ұста оған:
— Бөренеңіз жаман екен, онан астау шықпайды, келі, келсап болмаса, — дейді. Шаруа:
— Келі, келсап жасай ғой, — дейді. Шаруа келі, келсабын алуға келеді. Ұста:
— Жоқ, бөренеңіз тіпті жаман, ақауы көп екен, онан келі де, келсап та шықпайды, саптыаяқ болмаса, — дейді. Шаруа:
— Саптыаяқ жасап бере ғой, — дейді. Арада біраз күн өткен соң, шаруа саптыаяғын алуға келеді. Ұста:
— Бөренеңіз тіпті шірік екен. Онан саптыаяқ та шығатын емес, қасық, ұршықсап болмаса, — дейді. Шаруа ендігі елгенінде оған ұста бір ұршықсап ұстатады. Сөйтіп, олақ ұста бір бөренеден бір-ақ ұршық жасап шығарған екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter