Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
26.08.2021
318
Қоянкөзге Қабанның өлең сыйлауы
Қоянкөз ұзатылар мезетте шапырашты жұртынан ұзатылып баратын күйеу жігітінің қайтыс болғаны жөнінде хабар келеді. Қазақ дәстүріне берік ауыл ел жоралғысын сақтауды көз дейді. «Біз жесіріміздің оң жақта отырып дауыс салуын қалаймыз» дегенді айтады құдалар жағы. Шапыраштылар келе жатқаны жөнінде хабар да жетеді.
Осы арада Қоянкөз түс көреді. Түсінде әкесі Қабан:
— Көген аласың ба, әлде өлең аласың ба? — дейді.
Сонда Қоянкөз:
— Көген елде болсын, өлең менде болсын, — депті. Содан Қоянкөздің барған жерінен Сүйінбай сынды көкірегіне өлең ұялаған дарабоз ақындар шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter