Әңгімелер ✍️
Қонақжайлылық
Сілесі қатып шаршаған, әрі қарны ашқан Әпенді қаладан келе жатып, демалып, әлденіп алу үшін Дауыд деген ауылдағы бір таныс байдың үйіне соғады. Үй иесі үлкен жібек дастархан жаяды, бірақ үлкен қып табақтағы сүттен басқа ештеме қоймайды. Мынадай қонақжайлылыққа аң-таң болған Әпенді ақырын ғана жан-жағына қарап отырады. Ал үй иесі қолын жүрегіне қойып:
— Мархабат, айран, қатық, май, сүзбеден дәм ауыз тиіңіз, алыңыз, қымбатты Қожа! — дейді.
Сүтті әзер ішкен Әпенді баймен қоштасып, алды-артына қарамай тұра жөнеледі. Көп уақыт өтпей-ақ бір күні сол бай да Қожанасырға қонақ болыпты.
— Мархабат, мархабат, — деп Әпенді де құрақ ұшады, қалың көрпелерді төсеп, шытпағына құс жастық тастайды, ал тамақтан жүзімнің бір үзім шоғын ғана береді.
Байдың жүзі күреңтіп кетеді. Әпенді болса:
— Алынып! Дәм татынып аса құрметті бай! Мұнда бәрі де бар: тамаша шарап, күшті жүзім арағы, бал, кепкен мейіз, мейіз алуасы, шәрбат, алыңыз, ұялмаңыз! — деген екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter