Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
26.08.2021
149
Қожанасыр мен молда
Қожанасыр бір күні молданың үйіне келіп:
— Молдеке, мен дүкенші Жұлқарбектен шыт-пыт, қант-шай сауда етіп, азын-аулақ борышты едім. Ол кісі дүние салды, тірісінде бере алмап едім, ана дүниеге барғанда не істеуім керек? — деп сұрапты.
— Ол дүкенші менен қарыз еді. Сол борышыңды маған төлейғой, ана дүниеге барғанымда айтып қоямын да, сені күнәдан құтқарамын.
— Мұныңыз жөн екен, сіз арғы дүниеге ертерек барып, ризашылығын алып келе қойыңыз, сізге-ақ бере салайын, — дейді Қожа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter