Аңыздар ✍️

  24.08.2021
  257


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Композитор Дина мен өнерпаздар

Ертеректе белгілі ақын, өнер иесі Динаның үйіне екі-үш жас жігіттер келіпті. Ойлары Динаның алдында күй тартып, өнер сайыспақ. Аман-саулықтан кейін Динаның ілулі тұрған домбырасын алып тартуға лұқсат сұрапты. Дина:


— Алыңыз, жаным, тартыңыз! — деп ризашылық білдіріпті.


Қайткенде де, өнер адамының жаңалыққа жаны құмар емес пе? Сонда жігіттер бар өнерін салып екі-үш күй тартыпты. Кезек Динаға келгенде Дина сол күйлерді қайта тартып беріпті. Шамасы орындау техникасы шебер болса керек, жігіттер Динадан: «Не күй тарттыңыз?» — деп сұрапты. Сонда Дина:


— Ал, сендердің тартқандарың қандай күй? — деп қайтара сұрағанда, жігіттер:


— Біздің тартқанымыз «Бозмұнай», «Бозшолақ» деген күйлер! — депті. Дина:


— Сендердің тартқандарың «Бозшолақ» болса, менің тартқаным «өз шолағым» деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу