Әңгімелер ✍️
Кітаптың сиқыр күші
Бір күні түнде Жұқа кітап оқып отырса әйелі оның алдына тебітіп келіп:
— Бала түн бойы жылап уанбады, көтере-көтере екі қолым талып кетті. Баланы ұйықтатудың амалын қарастырсаңшы, — деп назаланады.
Жұқа байыппен:
— Оның не қиындығы бар, кітапты баланың бас жағына қойып, бірден парақтап берсең, бала бірдемде ұйықтайды ғой, — деп кітапты әйеліне ұсынады.
Әйелі онан ары ашуланып:
— Неменеге қылжақтайсың! Саған тиемін деп қор болдым, таңертеңнен кешке дейін қу жанымды тыныштық болмайды. Жанымды аузыма тістеп жүрсем де, титтей де жаның ашымайды, — деп ұрса бастайды.
— Сүйіктім, сабыр, тақат қыла тұр, мен баланы ұйықтатудың амалын ойластырып жатпаймын ба? — дейді Жұқа.
— Сенің кітабыңның неге себі тимек? — деп сұрайды әйелі.
Сонда Жұқа қадағалап тұрып былай деген екен:
— Бұл кітаптың сиқыр күші зор. Мен оқушыларға осы кітапты оқып бергенімде олар қалғып кететін, тіпті, қорылға да басатын. Сақалды оқушыларды ұйықтатуға құдіреті жеткен бұл кітаптың біздің баламызға әсері болмайды деп кім айта алады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter