Аңыздар ✍️

Жиреншенің ханның уәзірі болғаны
Жиренше бір ханға уәзір болыпты. Хан Жиреншенің әйеліне қызығып, сөз салыпты. Әйел:
— Айтқаныңызды орындар едім, Жиренше ауылда ғой, — депті. Хан жақсы екі ат беріп, Жиреншені жұмсапты. Әйелі Жиреншені жөнелтіпті де:
— Күн батып, қараңғы болған соң адамға көрінбей, атыңды аулаққа тастап жаяу кел, — депті. Хан Жиренше кеткеннен кейін әйелді кеңсесіне шақырып сөйлесіпті. Ханға:
— Жұрт жатысымен келерсіз, — депті. Күн батқан соң Жиренше қайтып келіпті. Әйел бір үлкен сандыққа жатқызып, өзі іс тігіп отырыпты. Айтқан уақытта хан келіпті. Әйел:
— Сіз мені қинайын деп отырсыз ғой, бірақ мені жақсы көрмейсіз ғой, — депті. Хан:
— Сізді қатты жақсы көрем, — депті.
— Рас болса, менің ышқыр бауымды тісіңізбен шешіңізші, — депті. Хан:
— Жарайды, — деп, әйел жатқанда ышқырбауды тістеп жатқанда бір көрші әйел кіріп келіпті. Хан ақырыпты:
— Түнде неғып жүрсің? — деп. Әйел:
— Отқа келіп едім, — депті. Сонда Жиренше сандықта жатып ақырыпты:
— Неғылған тентек қатынсың. Осы үйде от болса, әйелдің астын шикілеп жей ме? — дегенде, хан есікке қарай атылыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇