Аңыздар ✍️
Аңыздар ✍️
24.08.2021
142
Жекпе-жек
Мүйізді Өтеген батыр еліне жайлы қоныс, шұрайлы мекен іздеп көп нөкерімен жолға шығады. Шығысында Бежінге дейін барып, батысында Еділге дейін жол тартады. Талай азапты басынан кешіреді. Ақтөбе деген жерге бет алғанда таң бозында алдарынан алып айдаһар шығып, кес-кестеп тұра қалады. Нөкерлерінің бәрі жанынан шошып кейін шегінгенде, Өтеген өзі жеке шығып айдаһармен алысыпты дейді. Батырды жеңе
алмаған айдаһар кейін шегініп, өтегеннің керуеніне жол беріпті дейді. Осы жекпе-жекті Байсерке күй тілімен бейнелесе керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter