Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
24.08.2021
147
Жарқыным, кімді қалай атасаң да мейлің...
Қожекеңнің жұбайы қайтыс болып, жақын-жуықтары өте сиықсыз бір әйелге әпендіні зорлап қосыпты.
Той тарқап, ел кеткен соң әйел Қожекеңе:
— Әпендім, туыстарыңыздың қайсысын атап, қайсысын атамауым керек? Кімдерге көрініп, кімдерге көрінбегенім жөн? — дейді әдеппен.
Өзі ұнатпаған әйелдің мына сөзі қитығына тиген Қожекең:
— Жарқыным, кімді қалай атасаң да мейлің, қайсына көрінсең де, өзің біл, тек маған көрінбесең болғаны, — депті ызаланып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter