Аңыздар ✍️

  24.08.2021
  132


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жаңылтпаш сайқал (бәдік күй)

Ертеде бір қыз бен жігіт домбыра тартысады. Бірін-бірі жеңе алмайды. Бірінің күйін бірі қайыра тартып ұзақ жауаптасады. Ақыры қыздың күйі артыла бастайды. Сонда жігіт:


— Мен бір «Жаңылтпаш сайқал» деген күй тартамын. Соны қайталасаң, жеңесің, — деп күй тартады. Тартқанда саусағымен «сенікі анау, менікі мынау» деп көрсетіп тартады. (Бұл өзі ұят күй ғой.) Қыз жұрттың көзінше әлгінің қол қимылын қайталай алмайтын болған соң, домбыраны тастап, бетін басып шығып кетіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу