24.08.2021
  306


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ел аузынан...

Ертерек кезде Кеңесбай деген кісі болыпты. Ол әсіресе майын жүздіріп сүтке пісірген тары бөртпесін ұнатады екен.


Бір күні әйелі сол сүйікті асын пісіріп, төргі үйдегі күйеуіне беріп жібереді. Табаққа қасық салуды ұмытып кетеді. Кеңесбай қасық келер деп біраз күтеді де, келмеген соң бөртпені босағада жатқан тазысының алдына қояды. Ит бөртпені жеп жатқан да әйелі кіріп келіп, аң-таң болады, мұның жөнін сұрайды.


— Қасығы бар құр қалмас. Тазыға бұйырған шығар, — депті Кеңесбай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу