Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  186


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бес қыз (І нұсқа)

Сейтек қалмақ елін аралап жүріп, бір үйге түседі. Үй ішінде бес қыз үйді басына көтеріп, әңгіме-дүкен құрып отыр екен. Келген қонақтың домбырасы бар екенін көргенде: «Сіз күй тартыңыз, біз билейік» деп қолқа салады. Сейтек бұл кезде қалмақ жұртының музыкасымен недәуір танысып қалған еді. Сол жерде би ырғағына келтіріп бір күйді тарта жөнеледі. «Бұл қандай музыка?» деп қалмақ қыздары таңқалады. Сонда Сейтек бұл күйді сендерге арнағаным болсын, аты «Бес қыз» деп жауап айтады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу