23.08.2021
  189


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бата

Төлебай басқа бір елге барып қонса, ол үйде тары басып әкеп:


— Қонағым, бұйырған дәм осы болар, барға риза боларсыз, асқа келіңіз, — депті. Төлебай түк білмеген кісі болып:


— Бұл қандай ас, мен бұрын көрмеген ас қой, — депті.


Үй иесі:


— Бұл — басқан тары ғой, — депті.


Сонда Төлебай айтыпты:


— Бұл әкелген тары,
Бетіңнің жоқ ары.
Шынымен соны жей ме,
Бәсентиннің Төлебай қу салы, — дегенде, үй иесі:


— Сіз Төлебайсыз ба, білмедік, кешіріңіз, — деп, әкеліп бір серке соймақшы болыпты да, оған бата тілепті. Сонда берген


Төлебайдың батасы:

— Ежірейген көзіңді,
Салбыраған сақалыңды,
Найзағайдай мүйізіңді ұрайын,
Кімді қорқытпақшы болып келіп тұрсың, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу