Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
23.08.2021
140

Байдың құны
Бір бай Қожанасырға кездесіп қалып, оны сынамақ болып:
Менің құным қанша тұрады? — деп сұрайды.
— Сіздің құныңыз елу сом, — дейді Қожа оның үсті-басына көз салып. Бай бұған тас-талқан болады:
— Не деп тұрсың, мына менің шапанымның өзі елу сом тұрады!
— Байеке, менің де айтып тұрғаным сол ғой! — депті Қожа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇