Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  278


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әмір Темір көреген (ІІ нұсқа)

«Әмір Темірдің Әмір Темір болып жүргені әулиелердің нәзірі түскен екен, қырық шілтен ғайып ерендер қолдаған екен!» десіп келеді.


Сегіз жасар күнінде намаз жамиғатқа ең әуел хұтпа намазына барған екен. Үйге қайтып келген соң, шешесіне айтыпты:


— Жұрттың не жыны бар екенін білмеймін, мешітке кірісімен, Қағба Алланы көріп, кұлақтарын қаға бастайды. Мен имам әлһамды оқып болып, сүре қосар кезде әрең көріп, сонда кұлағымды қақтым, — депті. Өз ойында ойлаған екен: «Намаз оқығандардың бәрі де мешітке кірісімен Қағба Алланы көреді ғой! Соны көріп, кұлақ қағады ғой!» — деп. «Қағба Алланы көрмей, құлақ қақпаймын!» деп, қалшиып, қақпастан тұрып қалады екен. Сонан соң Қағба Алланы көрген соң барып, кұлақ қағады екен. Шешесі баласының бәтін көзі ашық екенін біле қойды дейді.


— Балам, мешітке баратұғынлардың бәрі де түні бойы ұйықтамай, таң атқанша Құдайға жылап шығады. Сол үшін кірісімен, кешікпей, көріседі. Сен түні бойы ұйықтап жатасың. Сол себеплі кірісімен көре алмайтұғының — сол, — дейді.


«Қайтып бала өмірінде түнде басын төсекке салмайтұғын болды, — дейді. — «Әмір Темір Көреген» атанғанның себебі бұл», — дейді. Мағынасы: «көргіш, көрімпаз» деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу