23.08.2021
  150


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Алдына келтіріпті

Бір кедей аңшы арыз айтып, болысқа келсе, болыс «қолым тимейді, кейін бір келерсің», — деп есігінен де қаратпапты.

Арада бірнеше күн өтеді. Бір күні болыс аулының жылқысына қасқыр шауып, қанжоса ғып кетіпті. Ауыл адамдары көп ит ертіп қасқырлардың ізіне түскенмен қорқаулар маңайлатпай сытыла беріпті.


Сол кезде қуғыншыларға әлгі аңшы шал келіп килігеді. Оның Аққасқа деген дүниеде жоқ жүйрік, әрі жүректі, қарулы тазысы бар екен. Аққасқа жылқыға шапқан үш бөрінің үшеуін бірдей жайратып тастайды.


Үш қасқырды бірден алып, аты шыққан итті өз қолына түсірмекке кедей шалдың үйіне болыс келеді.


— Ассалаумағалейком!


Шал болысты көре тұрып, басын да көтермейді. Тек босағада жатқан аққасқа итіне:


— Әй, Аққасқа, түрегел, болысекеңнің сәлемін ал. Бұл маған емес, саған берілген сәлем, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу