Аңыздар ✍️
Ақсақ қаз (ІІІ нұсқа)
Баяғы өткен заманда шал мен кемпір болады. Олардың ақсақ қазы бар екен. Мал дегенде жалғыз өгізі болады. Кедейшілік, жоқшылықтан әбден жауыр болады. «Ұлынабалы-ысынабалы» деген жер екен, жаугершілік кеп қалып көшіп жатқан ел екен. Жау кеп қалып, жалғыз өгізіне қараша үйін, керекті мүлкін артып, шал кетейін десе, кемпірі мен қызы қалады, кемпірі мен қызын алайын десе, баспанасы қалады. Сонымен, жансауғалап, өгізге мініп шал кетіп қалады. Жұртта қалған қызы: «Енді көрген күніміз не болады, беу-беу, құдай-ай?» — деп жылап жатқан кезі...
Осы кезде бір тылсым күш көк бұқа ретінде келіп, кемпірдің көз алдында тұрады. Кемпір сол зарымен көк бұқаға отырған сәтте жау да төніп қалады. Бірақ көк бұқа ешбір жеткізбестен кемпірді аман-есен шал мен қызына қосқан екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter