Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  415


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Аққу (IV нұсқа)

Баяғы өткен заманда Қазығұрт тауының етегінде айдын көл болыпты. Сол көлге бір аққу келіп амалсыз тұрақтап қалады да, жыл сайын балапандайды. Балапандарының қанаты қатая бастағанда ерінбей-жалықпай сонау аспанмен таласқан Қазығұрт тауының басына шығарып, аққуларды өздерінің атамекеніне қарай ұшырып жібере береді екен. Жас аққулар сөйтіп атамекеніне қайтатын көрінеді.


Балапандарын ұшырып жіберген аққу Қазығұртта біраз әл жинау үшін аялдап қалады. Көп ұзамай атамекенін, балапандарын сағынады. Сол сағынышпен елге оралып ұшып келе жатқанда, жол торып жүрген бидайық құс қуа жөнеледі.


Бірақ бидайық құс қанша қуса да, аққуға жете алмапты. Жолда бар қиыншылықты көріп, арып-ашып еліне оралып, өз балапандарын аймалапты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу