Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  186


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Аққабынның толқыны (ІІ нұсқа)

«Аққабынның толқыны» атты күйдің аңызында Бұхтарма атты өзеннің жағасында тұрған, Керей руындағы тамаша сыбызғышы Мұса туралы айтылады. Ол өзінің жалғыз қызын «Марқакөл» көлінің жағасында тұратын бір қазаққа күйеуге ұзатып, оның жасауына өзінің сүйікті атын береді. Жат жерде ақылды жануар сенделіп жүреді. Бір күні Мұса қызының жағдайын білуге «Марқакөлге» бара жатып жолшыбай «Аққабынның толқыны» атты күйін ойнағанда, жасауға берген Мұсаның аты үйірінен бөлініп шығып, кісінеп ауылды айналып шауып жүреді.


Иесіне шын берілген ат, Мұса ауылға келгенінен тыным таппады. Мұсаның ойнаған сыбызғысының үніне дағдыланып қалған ат, иесінің дауысын он шақырым жерден естіп білді. Асыл мінезді жануардың тынышсыздануын білетін Мұсаның қызы мұны көргенде үй ішіне: «Сірә, менің әкем келе жатқан болар, біздің аттың ойнақшып айнала шабуы тегін емес», — дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу