Аңыздар ✍️
Аңыздар ✍️
23.08.2021
140
Аққабынның толқыны (І нұсқа)
Керей руынан шыққан Мұса деген бір кісі қызын күйеуге ұзатарда қалың малына қосып, «мінгізгенім» деп Бурылат деген атын да береді. Жыл өткен соң Мұса қызын көріп қайтайын деп жекжатының аулына келе жатқан екен дейді. Ауылдың қарасын көрген соң, қолына сыбызғысын алып, «Аққабынның толқыны» деген күйді тартқан екен. Дәм-тұзы бөтен жерге бұйырған Бурылат шалғайдан сыбызғы үнін естігенде құлағын қайшылап, кісінеп қоя береді. Жайылып жүрген үйірінен жалғыз бөлініп шығып, ауылды айналып шаба беріпті. Жастайынан сыбызғы күйін естіп өскен Бурылаттың бұл мінезін қыз «әкем келе жатыр» екен дегенге жориды. Айтса айтқандай, қыр басына қылт етіп шыға келіп, ауылға құлаған атты кісі әкесі болып шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter