Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
23.08.2021
181
Айран
Кенжебай деген ақын жолаушы келе жатып бір байдың үйіне қонады. Бай сараң екен. Қонаққа қазан көтермей, айран береді.
Ақын айранға қарап:
— Амансыз ба, айран,
Сізді іздеген жоқ едім,
Маған келдің қайдан?
Қатындармен ұрысып,
Ертелі-кеш жұлысып,
Айрылып қалыпсың-ау майдан!— депті.
Бай үйі амалсыз қазан көтеріпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter