Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  433


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сәулем-ай (3 ­нұсқа)

Ауылымның алдында қоғалы көл,
Жаз болғанда айнала, қонады ел, сәулем-ай.
Сүйген жардың аулынан қайтқан күні
Қоңыр салқын алдымнан соғады жел, сәулем-ай.

Қайырмасы:
Екі ғана жирен-ай,
Жал-құйрығын түйген-ай.
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Ғашық жардың сүйгені-ай.

Әзіл сөзді айтамын айламенен,
Қалып еді көңілің қайда менен, сәулем-ай.
Өлгенімше өкініш болмас еді,
Өмірімді өткізсем сеніменен, сәулем-ай.

Қайырмасы:
Екі ғана жирен-ай,
Жал-құйрығын түйген-ай.
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Ғашық жардың сүйгені-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу