Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.08.2021
423
Сәулем-ай (2 нұсқа)
Айдап салдым жылқымды ақ қауланға,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға.
Қуанғаннан жүрегім алып ұшар,
Ақ білекті сыбанып қой сауғанда.
Қайырмасы:
Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат киген-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жас жігіттің сүйгені-ай.
Сары белден сарғайып таң атады,
Аққұбаша, бидай өң ұнатады.
Ұзақ таңға ер жігіт қайтып шыдар,
Сары майдай толықсып қыз жатады.
Қайырмасы:
Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат киген-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жас жігіттің сүйгені-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter