Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.08.2021
129
Нарынбай қоспақ (2 нұсқа)
Алдына ат салмайды құла құнан,
Нарынның ат суардым бұлағынан.
Алдында асқақтатып ән шырқайын,
Қалмасын-ей, көпке дейін-ей, құлағыңнан-ау-ей.
Бәйгеден талай келген ақ табаным,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаным.
Аулыңа мен келгенде теріс қарап,
Білмедім не себептен жақпағаным.
Сұлу қыз мұнша неге бұлаңдадың,
Бос тастап екі қолды сылаңдадың.
Қолыңа қона қалған қаршыға едім,
Қайтейін, қадырымды біле алмадың.
Бәйгеден талай келген сұр құнаным,
Шықпай жүр осы күні құрғыр әнім.
Сендерді көз көргеннен мақтамаймын,
Біріңнен бірің артық, құрбыларым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter