Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.08.2021
111
Нарынбай қоспақ (1 нұсқа)
Біздің ел жүруші еді Нарын жайлап,
Көкорай-ау, шалғынына бие байлап, бие байлап.
Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап, күліп ойнап.
Ауылым Толыбайдың қуысында,
Қалампыр-ау, талшынменен уысында.
Өзіңмен айтқан сертті орындауға,
Барамын-ау, келер айдың туысында.
Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап, күліп ойнап.
Ені жоқ, таңбасы жоқ қарала аттың,
Базарда-ау бәсі қымбат асыл заттың.
«Тек жүрсең, тоқ жүрерсің» деген сөз бар,
Жігітке-ау пайдасы жоқ жаман аттың.
Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап, күліп ойнап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter