22.08.2021
  785


Автор: Асаба (тамада)

Бауы берік болсын

Бала бауы берік болсын, апасына серік болсын!
Азамат боп ер жетсін, ақсақал боп төрлетсін!
Адам болсын көрікті, ғұмыры ұзақ берікті,
Қолқанаты көп болып, ерте берсін серікті!
Еліне боп ардақты, мінезі де самақты,
Өнері өрлеп жан-жақты -
Осы айтқанымыз тез келсін,
Тәңір беріп зор бақыт!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу