21.08.2021
  2657


АҒА МЕН ҚАРЫНДАС ТІЛЕГІ ҚАЗАҚША

Ағаның қарындасына тілегі:



"Қыз баланың өмірі, қыз баланың тағдыры ол қашанда оңай болмаған. "Қыздың жолы жіңішке" дейді қазақ. Қыздың көңіліне айрықша қарайды. Сыртан келгенде алдынан балалары жүгіріп шыққанда, қазақта, əсіресе əкесі алдымен назарын қыз баласына аударады.
Қыздың тағдыры ол қоғамға байланысты.
Қызды қоғам болып қорғайды, қоғам болып аялайды.
Қыз бала қашан да шырмауық гүл сияқты. Бірденеге сүйенбесе өрлеп, жайқалып, биікке бой көтермейді.
Сондықтан қызын аялаған, қызын қорғаған ұлттың болашағы зор болады.
Ал қызы, əйелі аяланбаған, қорғалмаған қоғамның ең алдымен ұяты кетеді.
Ұяты, ары кеткен қоғамның ары мен намысы тапталады.
Намысы тапталған қоғам басқалардың алдында төменшіктеп тұрады, көз түрткі болады.
Қашан да ер намысы қыздың арымен өлшенеді.
Қыздың бақыты сөз жоқ ана болуында.
Қыздың бақыты өзінің өмірлік жарына сүйеніп, күн кешуінде.
Бақыт сияқты ұлы ұғым əрбір пенденің арманы.
Күнделікті жай ғана жетістікке, нығметке жету үшін күресу керек. Ал бақытты болу үшін күрестің үлкені жүреді.
Бақыт - сабырмен, төзіммен, біліммен жəне əртүрлі нəпсіні ауыздықтау жолдармен келеді.

АЙНАЛАЙЫН , ҚАРЫНДАСЫМ, тағдыр қай жолына салса да, сол жолда бақытың үшін күресе біл.
Қашанда аға қарындасқа тілекші ғой. Бізде тілекшіңбіз".

БАҚЫТТЫ БОЛ ҚАРЫНДАСЫМ!!!
БАҚЫТТЫ БОЛ !!!
БАҚЫТТЫ БОЛ !!!



Қарындасының ағасына тілегі


Бақытты бол дедіңіз, аға, маған?!
Оңайлықпен бақытын таба ма адам,
Өз айдынын іздеген аққу құстай,
Өмір атты өзінді жағалаған.
Болғанмен үлкен ой, үміт, талап,
Тағдыр күнде келе ме күліп қарап.
Көз жеткен биікке өзі жетпей,
Талпынады аққу құс сынық қанат
Думаны үшін сүйгендей құсын көлі,
Сүйеді елім, өлеңім үшін мені.
Бақыт деген меніңше атақ емес,
АТАҚ ЕМЕС,
Адамдардың жанымды түсінгені.
Сұрағанмен тағдырдан үлес бер деп,
Нəзік жанның тілегін кім ескермек.
Сіз үйретіп келесіз бəрімізге,
Бақыт үшін əр адам күрескер деп.
Көкірегімнен жыр бұлақ ақсын ерек,
Мұнарасын өзінің таппсын өлең....

ҚАРЫНДАСЫМ, ЕКЕНСІҢ БАҚЫТТЫ БОЛ !!!

Қарындасым, екенсің бақытты бол
Деген жанды əйтеуір жақсы көрем. Өмірімнің жолдарын жаңа сыздым Кейде асқақпын, кейде тым шарасызбын.
Жүдеп жүрген кезімде демеу болар
Жанашыр тілегіңіз, аға, сіздің.
Жүрегімде шынайы шырқалады əн
Қимастықпен аттандым бұл қаладан.
ӨЗІ ДЕ БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРСІН ҰЗАҚ,
МАҒАН БАҚЫТ ТІЛЕГЕН ҮЛКЕН АДАМ!!!

(Бекболат Тілеуханның қыздарға арналған тілегі мен Маржан Сұлтанбаеваның орындарындағы Күлаш Ахметованың өлеңі)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу