Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.08.2021
131
Кідігай (1 нұсқа)
Уәй!
Кідігәйға кім салар мен тұрғанда,
Бір-екі ауыз аузымда-ау, жел тұрғанда.
Қызды ауылдың сыртынан кідігәйлап-ай,
Құйысқаным-ай, кідігәй, сарт етер ұмтылғанда.
Жақсы күйді тыңдасаң—құлақ құрышы,
Қалың төсек, тәтті ұйқы—жанның тынышы.
Түзу мылтық, жүйрік ат, сұлу қатын,
Мал мен перзент жігітке—дәулет құсы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter