21.08.2021
  1629


Автор: Асаба (тамада)

Дос пен әйел туралы

Бір қазақ өзбекпен жақсыы дос болыпты. Бір күні, қазақтың қатыны үйде ұрыс шығарып, оның жанын жегідей жейді. Беймаза қатыннан шаршаған қазақ көшеге серуендеуге шығады. Көшеде көптен көрмеген өзбек досына кездесіп қалады. Қазақ қоймастан өзбекті үйіне қонаққа ертіп алып келеді. Сөйтсе, қазақтың қатыны үстелге бір парақ хат қалдырып, төркініне қыдырып кетіпті. Қазакең не істерін білмей, асып – сасып, қонақтың жағдайын жасай алмағанына ұялып қалады. Оны байқаған өзбек досынан қобалжымауын сұрайды. Өзбекке тамақ дайындау- «и в кайф и в драйв» екенін бәріміз білеміз ғой.
- Ортақ! Үйде гөш (ет) бар ма?- дейді өзбек.
- Бар - деп жауап береді қазақ.
- Май бар ма?
- Бар.
- Күріш, сәбіз бар ма?
- Бар.
- Онда анау диванға барып беймарал демала бер, досым. Мен тез арада андижанның шашпа палауын дайындап беремін- депті өзбек.
Қазекең диванда аяғын аспанға көтеріп, телевизор көріп бір сағат демалғанша, палау да дайын болыпты. Екеуі палауды тойып жеп, әңгіме-дүкен қылып, күлісіп отырып шай ішіп, өткен-кеткенді еске түсіріп, өздері бір рахаттанып демалыпты. Бір уақытта қазекең үндемей қалып, терең ойға кетеді.
- Ортақ! Дос! Не ойға кеттің? Айтсайшы,- деп сұрапты өзбек досынан.
- Өзбекпен дос болсаң, қатынның не керегі бар екенін түсінбей, ойланып отырмын? – деп жауап беріпті Қазекең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу