21.08.2021
  632


Автор: Асаба (тамада)

Қазақша сыпайылық туралы

Бір күні екі қазақ жігіті өзбектін ұйінде отырыста қонақ болыпты. Асқа өзбектер буын бұрқыратып палауды дастархан үстіне алып келіпті. Қонақтардын бәрі әңгімені жиып қойып палауды жеуге кірісіп кетіпті. Бір сәтте өзбектін біреуі екіншісіне дастархан үстінде жайлапқана былай депті:
- Сіздін бақтарынызға бір бұлбұл ұшып келіп қонды!
Досынын айтқанын сол сәтте түсіне қойған өзбек жайлап қана білдіртпей мұртына тұрып қалған бір күрішті қолынын ұшымен сипап алып тастайды.
Қазақтын екі жігіті аяқ созып сыртқа шыққан, кезде болған жағдайды дәретханың қасында тұрып талқылайды.
- Сен байқадынба? Анау бір өзбектін мұртына палаудын бір күріші тұрып қалып еді, екінші өзбек сыпайығана «Сіздін бақтарынызға бір бұлбұл ұшып келіп қонды!»- деп айтқаны сол еді, досы түсіне қойды да ол күрішті бетін сипап білдіртпей алып тастады. Қандай мәдениетті халық! Қандай сыпайылық! – депті бірінші қазақ.
- Әй дос! Егерде менім мұртыма күріш солай тұрып қалса сенде маған сөйтіп сыпайы түрде айтып отыр – депті оған досы.
Қазекендер дәреттерін алып, темекісін шегіп қайтадан үйге дастархан басына отырады. Палаудын дәміне риза болып олар әрі қарай оны жеуге кірісіп кетеді. Бір уақытта бірінші қазекен досынын мұртына үш-төрт күріш тұрып қалғанын байқап досынын бетіне тесіле қарай қалады. Ол досына бұл болған жағдайды қалай жеткізезудің есебін таба алмай әбіржиді.
- Досым! Не болды? Маған неге сонша ежірейе қарадын? – деген сұрағына, ол досына былай депті;
- Бағанағы дәретханадағы айтқан әнгіме кәзір сенің басына келіп тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу