21.08.2021
  477


Автор: Асаба (тамада)

Стереотиптер

Бір кедей байдың малын жалға бағады екен. Оның қолы таң ертеңнен кешке дейін мал бағудан босамайды, ал қолы бос кезде ауыл молдасына барып, оның айтқан әңгімелері тыңдайтын көрінеді. Ауылда басқа қызық жоқ екен.
Молда ауыл адамдарына әрдайым қаланы және оның тұрғындарын жамандап, әдепсіздіктің, ұятсыздықтың бәрі қалада шоғырланғандығын айтып отырады. Тіпті қала тұрғындарының ұятсыздығы сонша – олар бұттарына дамбал да кимейді деп сендіретін болған.
Кедейдің Бәтима деген жас келіншегі күйеуінің күндіз-түні құлағына: «Осылай мал бағып өмір бойы жүре береміз бе? Қалаға барайық. Саған да, маған да екі қолға бір жұмыс табылар» - деп миын жеп, үгіттейтін көрінеді.
Келіншегінің үгітіне ақыры көнген күйеуі байдың атын алып қашып, келіншегін артына міңгестіріп, қалаға қарай зымырайды.
Міне қаланың да үйлері алыстан көрініп жатыр. Қаланы бірінші рет көрген кедей артында отырған келіншегіне бұрылып былай депті:
- Бітті, Бәтима! Жеттік қалаға! Шеш дамбалыңды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу