Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  107


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ахау, Үрия-ай

Келдің қайдан, ей, қалқа, келдің қайдан?
Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан.
Ей! Ахау, Үрия-ай!
Мекеніңді, ей, қалқа, айтып қойшы-ей!
Жат болмағы адамның осындайдан.
Ей! Ахау, Үрия-ай!
Ұшып жүрген әуеде көк көбелек-ай,
Дертің болса, жазайын су себелеп.
Ей! Ахау, Үрия-ай!
Сен есіме түскенде, ей, перизат-ей,
Аш бөрідей жортамын тау іргелеп.
Ей! Ахау, Үрия-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу