Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  158


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ахау, сары қыз

Алыстан ат терлетіп-ай, келдік тойға,
Жақсымен сұхбаттасу, әдәдай, дай-ай, болып ойда-ай.
Түйілген қыран бүркіт-ой, біз боламыз,
Теңгеріп жүрме құрбым, әдәдай, дай-ай, тұрымтайға-ай.

Қайырмасы:
Ахау, сары қыз,
Екі-ай дарбыз,
Ойнайды теңін тауып,
Әдәйдай, дай-ай, тұрымтайға-ой.

Алыстан ат терлетіп-ой, келдік тойға,
Жақсымен сұхбаттасу, әдәйдай, дай-ай, болып ойда-ой.
Мұндай той күнде қызық-ой, бола бермес,
Құрбылар ойна да, күл әдәдай, дай-ай, осындайда-ай.

Қайырмасы:
Ахау, сары қыз,
Екі-ай дарбыз,
Ойнайды теңін тауып,
Әдәйдай, дай-ай, тұрымтайға-ой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу