Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2021
139
Ахау, гигай
Ал, қалқам, маңдайыңнан нұрлы жүзің, ай-ау,
Аямай ажарлы боп туған өзің, ахау-гигай, туған өзің-ай.
Сүйегің райхан гүлден жаратылған, ай-ау,
Бұлбұлдай тұрған сайрап айтқан сөзің, ахау-гигай, айтқан сөзің-ай.
Қайырмасы:
Ахау, гигай,
Салдым шимай.
Кеткенде аулың алыс,
Қалдым қимай, қалдым қимай-ай.
Замандас құр қажыма қиял ойлап,
Ой түбі бір терең сай кетсе бойлап.
«Сары алтын сабыр түбі» деген сөз бар,
Сабырың ақырында бәрін жимақ.
Қайырмасы:
Ахау, гигай,
Салдым шимай.
Кеткенде аулың алыс,
Қалдым қимай, қалдым қимай-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter