Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2021
326
Ақерке (1 нұсқа)
Ақерке ақ күмістей сенің жүзің,
Кетер ме көкейімнен айтқан сөзің.
Ақылың айдын шалқар көл секілді,
Жанары қара нәркес екі көзің.
Күлкің гүл жас баланың жанарындай,
Ақерке, айтып бітпей құмардым-ай.
Болса да жасың кіші, білімің—дария,
Әнімді арнамаймын саған қалай?
Жас күнің жалындаған ерке тоты,
Асылдың өнер, үлгі есіл-дерті.
Шырқайын Ақеркенің айғайымен,
Өзімдей берік болсын, жігіт серті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter