Өлеңдер ✍️
Ай-хой, елім-ай
Ауылым қос арықтың жағасында,
Қолымның алтын жүзік саласында.
Қайран елім қалады, қайран елім.
Бірге өскен құлын-тайдай, құрбыларым,
Туған жер, қайран елім, қаласың да.
Қайырмасы:
Қайран елім, қалады, қайран елім.
Туған жер, қайран елім, қаласың да-ай,
Қайран елім, туған жер,
Қайран елім, қалады, ай-хой, елім.
Ауылым көшіп, қонады терең сайға, ай,
Мінезің шырын-шәрбет қызыл шайдай.
Жібердім сағынғаннан бір хат жазып,
Апырмай, жетер ме екен қалқатайға, ай!
Қайырмасы:
Қайран елім, қалады, қайран елім.
Туған жер, қайран елім, қаласың да-ай,
Қайран елім, туған жер,
Қайран елім, қалады, ай-хой, елім.
Қараймын қарайғанға қабан ба деп,
Атымды қамшылаймын шабан ба деп.
Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де,
Ауылым, туған жерім, аман ба деп.
Қайырмасы:
Қайран елім, қалады, қайран елім.
Туған жер, қайран елім, қаласың да-ай,
Қайран елім, туған жер,
Қайран елім, қалады, ай-хой, елім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter