Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  213


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Кел, сұлуым, су алуға

Қос бұрымың қара бұлақ аққандай,
Қара бұлақ таудан құлап жатқандай.
Аунап түсіп қаз омырау кеудеңе,
Жүргіңді тыңдап, толас тапқандай.

Сөйлесейік су басында, жан ерке,
Кел сұлуым, су алуға атаң ертең.

Менің жаным жаңа толас тапқандай,
Алтайыны аңдып қыран қаққандай.
Сырласуға, сыйласуға асықпын,
Жатып алдым ауылыңнан аттанбай.

Сөйлесейік су басында, жан ерке,
Кел сұлуым, су алуға атаң ертең.

Көп жатқасын ауылыңда аттанбай,
Мамық көрпе жамбасыма батқандай.
Ойласайшы,сыйласайшы құрбыңды,
Кербез таудың кер миығы-ақ маңдай!

Сөйлесейік су басында, жан ерке,
Кел сұлуым, су алуға атаң ертең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу