Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.08.2021
219

Жан ерке
Сүйсінемін, жан ерке, мінезіңе,
Тартқандайсың әніңмен бір өзіңе.
Үлкен-кіші естісе таңырқаған
Өнегелі, үлгілі әр сөзіңе.
[Қайырмасы]
Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ, еш қандай.
Сөзің алтын, күлкің наз,
Жайдары жүз, еркем-ай!
Ақылыңа көркің сай, ісің әрлі,
Бір өзіңдей болсашы жанның бәрі!
Күлкісі наз, сөзі бал жан ерке деп,
Аңыз еткен атыңды жас пен кәрі.
[Қайырмасы]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter