Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.08.2021
202
Қозыкөш
Ауылым көшіп барады Қозыкөшке,
Қозыкөште болған іс түседі өске.
Қайырмасы:
Угай-ай, ән салшы-ай бір ғана-ай!
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
Көш бойында, қалқам-ай,бір ән салшы,
Өмір бойы шықпастай жүрсін есте.
Қайырмасы.
Бола бергім келмейді қайыруға,
Не демейдіжау-дұшпан айыруға.
Қайырмасы.
Жау-дұшпанның тіліне ерме,қалқам,
Қоңыр қаздай шығайық жайылуға.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter