Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.08.2021
212
Керім-ау,айдай
Көк ала үйрек ұшады көлге қарсы
Жануардың ұясы желге қарсы.
Сағынғанның белгісі сол емес пе,
Орамалға тамады көздің жасы.
Қайырмасы:
Керім-ау,айдай,
Сағындым,сәулем,сені де ойлай.
Ауылымның қоғаны қарағайлы,
Жалған дос тату досқа жарамайды.
Сағынғанда сені ойлап, қимас қалқам,
Ішкен асым бойыма тарамайды.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter