Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.08.2021
278
Жас келін
Жетісу келген жерім,елім Қыбырай,
Жаратқан етек-жеңінен кең ғып құдай
Келің боп осы еліме келген күні,
Ән салдым, сұраған соң Жәкем болмай.
[Қайырмасы]
Көрерсіз айды-ай,
Білерсіз жайды-ай,
Жас келін ән салудан жалықпайды-ай.
Жаңа жер,жаңа елге әнмен келдім,
Иіліп,тізе бүгіп,сәлем бердім.
Рұқсат ағалардан алған соң,
Жолымды құт болсын деп атауға ендім.
Қайырмасы.
Сағындым сындырмаймын,ақын,аға,
Сөзіме ақын аға берсе баға.
Рұқсат үлкендерден алған соң,
Қосайын тамашаны тамашаға.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter