Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  303


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Дидар

Базарға қой айдаттым пұл екен деп,
Қояды қыздың атын Ұлмекен деп.
Ойыма ішкен асым тарамайды,
Көңілі Ұлмекеннін кімде екен деп.

Ауылымның қонған жері боз бетеге,
Бір үйде қыз бес болса, тоң жетеме?
Көңілің расынмен болса менде,
Шық түнде мен ерейін сен жетеле.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу