Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.08.2021
247
Ақ сұңқар
Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсің ажарлымның.
Қайырмасы:
Ақ сұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.
Қарағым айналайын,қандай едің,
Құрбыңның өзің теңдес маңдайы едің.
Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта,
Қол жеткен мұратыма жандай едім.
Қайырмасы.
Қарағым айналайын,қасың көрік,
Мал болсаң,алар едім бәсін беріп.
Мен саған басыбайлы бол демеймін
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter